Атырау қаласында балықшылар Жайықта велосипедімен бірге мұзға ойылып түсіп кеткен шетелдік азаматты құтқарып қалды. Бұл туралы бейнежазба әп-сәтте әлеуметтік желіге таралып үлгерді...
Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінде хабарланғандай, оқиға бүгін орын алған. Шетелдік азамат суы әлі дұрыс қатып үлгермеген Жайықтың үстімен жүріп өтпек болған. Содан мұз ойылып кетеді. Мұны көрген балықшылар оны құтқарып алады. Абырой болғанда, олардың бірінен жіп табыла қояды. Есесіне, бір адамның өмірі құтқарушы көмегінсіз сақталып қалды деуге болады.
(Бейнежазба "Ютуб" каналынан алынды)