RSS лента

"Жедел жәрдем" жол апатына түсті: бір медқызметкер қайтыс болды

  • 10.01.2024, 17:43,
  • 715
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Қайғылы жағдай 9 қаңтар сағат 18:30 шамасында Доссор-Бейнеу тасжолының 74-шақырымы маңында орын алған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атап айтқанда, «Газель» мен «жедел-жәрдем» және  «IVECO» мен «Rolfo Sirio» көліктері соқтығысқан. Өкінішке орай, «Жедел-жәрдем» көлігінің 1964 жылы туған медицина қызметкері оқиға орнында ажал құшты.

 

    «Газель автокөлігінің 1995 жылы туған жүргізушісі бұған дейін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2,3 бөлігі, 590-бабының 5-бөлігі бойынша, ал жедел-жәрдем көлігінің 1997 жылы туған жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі, 594-бабының 1-бөлігі және 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған» делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости