RSS лента

Жантүршігерлік жол апаты болды... (+видео)

Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Желіде жантүршіктірер жол апатының видеосы тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Желідегі бейнежазбадан жол жиегінен шығып кеткен көліктің быт-шыты шыққанын көруге болады. 20 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 659-шақырымы тұсында маркасы Chevrolet Cobalt автокөлігін басқарған 1992 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы басқару жүйесін игере алмай қарсы бағытта келе жатқан маркасы Mercedes Benz Actros жүк көлігіне соғысқан.

 

Салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігіндегі 1982 жылы туған жолаушысы қаза тапты. Жолаушы Өзбекстан Республикасының азаматшасы. Сондай-ақ, аталған көліктің 2 жолаушысына алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

 

Айта кетейік, автокөлік жүргізушісіне оқиға болар уақытқа дейін патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Сарыөзек елді-мекен тұсында ескерту жұмыстарын жүргізген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости