RSS лента

"Toyota Ipsum" 15 қойды қағып кетті (+видео)

  • 15.10.2023, 21:52,
  • 760
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Атырауда республикалық тас жолда қараусыз үй жануарларының қатысуымен 9 айда 94 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– Атырау облысы аумағында соңғы 9 айда тас жолдарда үй жануарларының қатысуымен 94 жол-көлік оқиғасы орын алды. Олардың көбі қала сыртындағы тас жолдарда болып отыр.

 

Мәселен, 14 қазан күні сағат 6:45 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 352 шақырым тұсында Toyota Ipsum автокөлігі 15 бас қой малын қағып, жол-көлік оқиғасы орын алған. Тексеру жұмыстары кезінде 1969 жылы туған қой малының иесі тасжолдың мал айдауға арналмаған жерінен қиып өтпек болған. Нәтижесінде мал иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тартылды.

 

Сондай-ақ, Toyota Ipsum автокөлігінің жүгізушісіне Миялы ауылынан шығар кезде Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелін қатаң сақтау керектігін ескерткен, алайда көлік жүргізушісі жасалған ескертулерге қарамастан жол апатының орын алуына себепші болғаны анықталды. Осы ретте, барлық жол қозғалысына қатысушылар назарына жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз, - дейді Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының командирі Адилбек Шахметов.

 

Айта кетейік, жыл басынан бері иесіз мал жайылымының алдын алу мақсатында ҚР ӘҚБтК 408-бабы (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша 583 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости