25 шілде күні сағат 6.30 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 400 шақырымындағы Жантерек елді мекені тұсында RAVON R4 автокөлігінің жүргізушісі 24 бас қой малын қағып кеткен. Оқиға салдарынан 1 200 000 теңге материалдық шығын келген. Қой бағып жүрген құқық бұзушыға қатысты қой малын белгіленген жерден өткізбей тас жолдың үстінен өткізіп жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабының 2 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.