Айта кетейік, 1963 жылы туған Кужирбаев Мизам Казиевич 24 қарашада сағат 17.30 шамасында Ақжар ауылы Ақжайық көшесі №9 үйден балық аулауға шығып кеткен болатын. Бұл туралы оның жұбайы хабарлама таратып, іздеу салған еді.
Өкінішке қарай, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бүгін сағат 10.25-те оның денесін Ақжар ауылы тұсындағы Жайық өзенінен шығарғандарын мәлім етті. Оқиғаның мән-жайы қосымша хабарланатын болады.