Іздестіру жұмыстарына ТЖД 10 құтқарушы, 1 техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды. Еске салайық, 2024 жылғы 26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы Береке ауылында 3 баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту түсті. Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері 26 тамыз сағат 18:25-те екі жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды.
"Құрметті тұрғындар! Облысымызда суға шомылу маусымы ресми ашылған жоқ! Өз өмірлеріңіздің қауіпсіздігі үшін, судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыздар! Құрметті ата-ана! БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗДАР!" делінген облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.