Еске салсақ, ағымдағы жылғы 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 ж.т. әкесі 2000 ж.т. баласымен рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді қарау үшін барып, кейін эвакуациялық пунктке кері оралмаған. Сол уақыттан бастап құтқарушылар Іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
"Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады" делінген хабарламада.