RSS лента

Жоғалған асабаға қатысты тың дерек шықты...

Автор фото: kazakh-republic.ru

Белгілі асаба Нұрғали Бекежанның жолға шығып, оралмағаны жөнінде бағыттама тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«9 қаңтарда сағат 11:00 шамасында «Toyota» маркалы автокөлігімен үш адам (Нұрғали Бекежан, Ренат Уразов, Дархан Габбасов) Мақат ауданы Доссор кентінен Қызылқоға ауданы Қарабау ауылына қарай жолға шығып, түнге дейін оралмаған. Телефон байланысы жоқ» делінген хабарламада.


 

10 қаңтарда сағат 00:00-де жоғалған адамдардың туыстары облыстық ТЖД аумақтық бөлімшесіне хабарласқан. ТЖД күштері жоғалған үш адамды  дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті.

 

«10 қаңтарда сағат 13:26-да іздестіру-құтқару жұмыстарына бортында ТЖД үш қызметкері, жоғалғандардың туыстары мен бес экипаж мүшесі бар ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Сонымен қатар,  Қызылқоға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің төрт қызметкері іздестіру-құтқару жұмыстарын автокөлікпен және жаяу жүргізуде» делінген хабарламада.



Оставить комментарий
Последние новости
     
ЭКОНОМИКА
30.04.2416:07
Доллар вновь поднялся  
   
Все новости