8 маусым күні сағат 21:37-де Алматының "109" құтқару қызметінің пультіне Греция азаматы Ангелакис Гиоргио (1968 жылы туған) "Волчья гора" бағытына шығып, әлі де қалаға оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы турист тоқтаған жатақхананың иесі хабарлады. Шетелдік азамат оған SMS жіберген. Жарықтандыру құрылғыларының болмауына байланысты әрі қарай жүре алмай жатқанын хабарлап, геодеректер жіберген.
Оқиға орнына құтқарушылар барып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, сағат 01:11-де турист аман-есен табылды.