16 және 14 жастағы жасөспірім қыздар – Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері. Олардың 8 қараша күні сағат 09:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағандығы жөнінде хабарлама тіркелген болатын.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері бірнеше күн іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жасөспірімдерді Шымкент қаласынан аман-есен тапты. Қазіргі таңда жасөспірімдер қалаға жеткізіліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.