Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. Полиция басқармасының мәліметінше, оқушылар екі күннен бері табылар емес. Белгісіз бағытқа кеткен 14 және 16 жастағы қыздарды көрдім-білдім деген жан жоқ.
“Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен барлық жасөспірімдер баратын жерлер араланды. Осы қыздар бойынша Шымкент қаласына 3 қызметкер жіберілді. Барлығы 43 қызметкерлер сол бойынша жұмыс атқарып жатыр”, деді Қызылорда қаласы ПБ ювеналды полиция бөлімшесінің бастығының орынбасары Ләззат Ахметова.