RSS лента

Жоғалған тұрғын жұмбақ жағдайда табылды (+видео)

  • 07.11.2022, 03:31,
  • 1 067
  • 0
  • Автор:
Автор фото: polisia.kz

Түркістанда тергеуші хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тұрғынды тапты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол үйінде жүрген мүмкіндігі шектеулі 46 жастағы әпкесінің белгісіз бағытқа шығып кеткенін және қайта оралмағанын көрсеткен. Содан жәбірленушілер өз беттерінше іздеуден нәтиже шықпағаннан соң полиция қызметкерлерінен көмек сұрады.

 

Аталған жайт бойынша Түркістан ҚПБ тергеушісі  Айбек Пернебек жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде бір тәулік ішінде жоғалған әйел табылып, отбасына қайтарылды. Анықталғандай, күндізгі уақытта орта жастағы әйел үйінен шығып кетіп, көше бойында жүрген. Сондай-ақ полицейлер әйелдің түн ортасы болғанда көршісінің үйіне ескертпестен кіріп, қонғанын анықтады. Жоғалған әйелдің туыстары полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

 

– Белгісіз бағытта үйден шығып кеткен туыс әпкемді тауып берген полиция қызметкерлеріне және полиция қызметкері  Айбекке алғысымды айтамын. Жұмыстарына сәттілік тілеймін, – деп ол өз ризашылығын білдірді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости