Нақтырақ айтқанда, Атырау қаласындағы СМП-136, №6 үйдің 129-пәтерінің тұрғыны, 1976 жылы туылған азаматша Анна Марнинаның ұлына пластикалық оқ атылған.
Жергілікті полиция басқармасыың мәліметінше, аталған мекен-жай бойынша №4 үйдің ауласынан екі жасөспірім анықталған. Олардан пластикалық оқпен атылатын ойыншық тапанша алынды. Тағайындалған сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген тапаншаның суық қаруға жатпайтындығы, яғни, балалар ойыншығы екені анықталды.
Тексеру барысында жасөспірімдердің бұрын істі болмағандары белгілі болды. Оларға қатысты бес ата-анадан жазбаша арыз алынды. Соған сәйкес, жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-ші бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарымен және мүдделерін қорғау жөніндегі, міндеттерді орындамау) хаттама толтырылып, мамандандырылған кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа жолданбақ.