RSS лента

Атырауда 25 бала жоғалып кетті...

  • 03.06.2021, 15:23,
  • 724
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырауда жыл басынан бастап қалалық полиция басқармасына балалардың жоғалғаны туралы 25 хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшыларының шұғыл әрекет етуінің арқасында барлық бала тірі табылды. Олардың бәрі кәмелет жасқа толмаған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Көбінесе балалар немесе жасөспірімдер ата-аналарына ескертусіз үйден кетеді. Кейбіреулері өзенге барады, ата-аналарының қарауынсыз шомылады. Сонымен қатар, жасөспірімдердің жиі серуендеуі және ата-аналардың полицияға дер кезінде хабар бермеуіның соңы қайғылы оқиғаға әкеп соғады.

 

Тағы бір мәселе, жасөспірімдер мен ата-аналар бір-бірін түсінбей өзара туындаған ұрыс кезінде бала жиі үйден кетіп қалып жатады. Ата-аналарға балаларының қауіпсіздігіне аса мән беру керектігін ескертеміз. Балаларыңызға түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз тыс жерде болуға, үйде жалғыз болса, оларға бейтаныс адамдарға есік ашуға тыйым салыңыз. Егер балаңыз үйге кеш келсе, оны қарсы алуға тырысыңыз. Сонымен қатар сіз балаңыздың қайда екенін білмесеңіз және ол телефон қоңырауларына жауап бермесе, дереу полицияға хабарласыңыз» деді Атырау қалалық полиция басқармасы

 

Ата-аналардың бақылаусыздығы жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасауының негізгі себебі болуы мүмкін немесе балалардың өздеріне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасалуы мүмкін.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости