Құлсарыда әкесі мен баласы әлі іздестіріліп жатыр. 9 сәуірде сағат 12:27-де құтқарушылар Жылыой ауданы Құлсары қаласы "Рамазан" дүкені тұсынан ер адамның мүрдесін тауып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
"Тасқын су мәйіттерді де шайып кетіп, Құлсары қаласында мүрде табылды. Табылған мүрденің тасқын су кезінде жоғалып іздестіріліп жатқан әкесі мен баласына қатысы жоқ" делінген хабарламада.