Мұнда биыл қыркүйекте басталған археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұл жұмыс облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырылған болатын.
Табылған қабірлер күйдірілген кірпіштен жасалған, өлшемі – 2,5х3 метр. Қазір адам сүйектеріне антропологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Әр жерленген қабірден 2-8 адамның қалдығы табылып отыр. Сондай-ақ, ортағасырлық үйлер, тандыр пеш, керамикалық ыдыс, сүйек әбзелдері, күміс қорапша, 100 күміс және 50 мыс монета табылған.
Айта кетейік, адам сүйектерін зерттеумен Әлкей Марғұлан атындағы археология иститутындағы физикалық антропология зертханасының меңгерушісі Рамазан Жанұзақ айналысуда.