- Іздестіру жұмыстарына ТЖД 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының аумағында шомылу маусымы биыл әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырамыз, - дейді төтеншеліктер.