"Аталған дерек бойынша барлық жасөспірімдер полиция бөлімшесіне жеткізілген. Психологтардың қатысуымен жауап алынуда. Қылмыстық іс қозғалды. Кешенді тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды" делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, 22 тамызда сағат 01:40-та Атырау қаласы Ақжар ауылы тұсында бір бала суға батып кеткені туралы төтеншеліктерге шақырту түскен болатын.
«Оқиға орнына жеткен кезде, 2010 жылы туған ұл бала белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға түсу кезінде батып кеткендігі анықталды. ТЖД сүңгуірлері таңға дейін шақырту орнында су асты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Бүгін сағат 6:30-да іздестіру жұмыстарын жалғастырып, ТЖД 16 құтқарушы, 4 техника, 4 жүзу құралы жұмылдырылды. Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер!» дейді облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобының мамандары.