Атырау облыстық полиция департаментінен білгеніміздей, 3 шілде күні Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, 2005 жылы туған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.