Бейресми мәлімет бойынша әскери бөлімде сарбаз небәрі 20 күн ғана болған. Ол сарбаз такси жүргізушісінің күртішесін алып кеткен.
«Қарумен әскери бөлімнен кету дерегіне қатысты мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және УҰИ-на қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды» деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.