Бүгін, яғни, мамырдың жетісінен сегізіне қараған түні №41433 әскери бөлімінің сарбазы қашып кеткені белгілі болды. Ол өзімен бірге «АК-74» қаруы мен 120 оқ-дәрі ала кеткен. Оны ұстау барысында сарбаз оқ атып қарсылық танытқан. Әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер «Арлан» арнайы жасағы мен ҰҚК-ін көмекке шақыруға мәжбүр болған. Қазір қолға түскен азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, сарбаз осы жылдың 18 сәуірінде Ақмола облысынан шақырылған болатын.