RSS лента

Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің сүйектері елге жеткізілді

  • 22.12.2023, 15:47,
  • 359
  • 0
  • Автор:
Автор фото: gov.kz

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ұрыс даласында қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйектері арнайы авиабортпен Астанаға әкелінді, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрліктің айтуынша, жауынгерлердің сүйектерін қарсы алу рәсімі ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Орталық әскери оркестр музыканттары, Ту тобы және Құрмет қарауыл ротасы әскери қызметшілерінің қатысуымен өтті. 


Аталған рәсімге Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлері, «Атамның аманаты» ҚБ, Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің өкілдері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері мен қаза тапқандардың туыстары қатысты.

 

Қарулы күштер Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздеуге белсенді қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.


Ұлы Отан соғысы бүкіл Қазақстан халқы үшін үлкен сынақ болды. Майданға миллион 200 мың қазақстандық  аттанып, олардың 600 мыңнан астамы ұрыс даласында қаза тапты. Қазақ жауынгерлерінің ерліктері қазіргі Отан қорғаушылар үшін өр рухтың, мызғымас батылдықтың, шынайы жанқиярлық пен Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі, – деді ол. 


Ресейлік іздеушілер жұмысының нәтижесінде 80 жылдан аса уақыттан соң қызыл әскерлер – Силан Мәметов (1912 жылы туған, Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы), Қадірбек Дәулетқұлов (1922 жылы туған, Жамбыл облысы Меркі ауданының тумасы) және Кисым Әдиевтің (1911 жылы туған, Гурьев облысы Гурьев қаласының тумасы) сүйектері елге жетті.


144 атқыштар дивизиясының қызыл әскері Силан Мәметов 1941 жылы қаза тапты. Оның сүйектерін «Эхо войны» іздеу жасағы Мәскеу облысы, Рузск ауданы, Апальщино ауылының маңынан тапты. Қазақстандық жауынгер Қадірбек Дәулетқұловты Орлов облысы, Троснянск ауданы, Муравль ауылынан «Застава св. Ильи Муромца» жасағының іздеушілері тапты. 1942 жылы хабар-ошарсыз кеткен Кисым Әдиев Смоленск облысы, Темнинск ауданы, Батюшково ауылының жанындағы шатқалдан табылды.  


Силан Мәметовтың туыстары табылмады. «Atamnyn Amanaty» ҚБ іздеушілері сарбаз Қисым Әдиевтің Атырау қаласында тұратын туыстарын тапты. Астанаға Жамбыл облысынан Қадірбек Дәулетқұловтың інісінен тараған шөбересі – Ернұр Наметқұл келді.  


Іздеушілер сонымен қатар, қызыл әскер сарбаздарының құжаттары, каскалары, металл саптыаяқтары, сапер күректері, түймелер және өздеріне тиесілі жеке заттарын туыстарына берді.  


Жауынгерлердің сүйектерін қайта жерлеу әскери құрметпен өздері туған өңірлерде өтеді. Сұрапыл соғыс даласында қазақ тапқандарды еске алу – бүгінгі ұрпақтың міндеті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости