RSS лента

Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталды

  • 04.01.2024, 13:26,
  • 247
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алу бойынша күдікті, деп хабарлайды Turantimes.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттік мәліметінше, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.


Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.


Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.


Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости