RSS лента

«Oil Construction Company» ЖШС Бас директорының орынбасары ұсталды

  • 22.11.2023, 19:35,
  • 259
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Агенттік мәліметінше, Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет квазимемлекеттік сектор саласындағы заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты.

Осылайша, жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша «Oil Construction Company» ЖШС Бас директорының орынбасары бизнес өкілдерінен бірнеше рет пара алу фактісі бойынша әшкереленді.


Маңғыстау облысының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған «Кендірлі» демалыс аймағы», «Тоқымақ» жерінде теңіз суын тұщыту зауытын салу» инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде ақшалай қаражатты кедергісіз аудару үшін пара алған.


Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости