"ҚазТрансГазАймақ" басшысы тұрғындардан ақшалай сыйақыларды бопсалаған
- 14.11.2023, 12:09,
- 228
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: pixabay.com/rja1988
"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы қала тұрғындары мен шаруашылық субъектілерінен 70-тен 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі заңсыз ақшалай сыйақыларды бопсалаған, деп хабарлайды Turantimes.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуі нәтижесінде анықталған.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.
Аталған тұлғаларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда.