RSS лента

Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды

  • 10.11.2023, 14:58,
  • 304
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: gov.kz

Атырау әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қаладағы жер телімдерін заңсыз бөлу дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz облыс прокуратурасына сілтеме жасап. 

Атырау облысының прокуратурасының мәліметінше, алаяқтық белгілері бойынша Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.


2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және т.б.) жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталған.


09.11.2023ж. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша тергеу шеңберінде Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталған. 


Тергеу жалғасуда.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости