Агенттіктің мәліметінше, компания өзін Қытайда фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіру және экспорттаумен айналысады деп көрсеткен.
Салымшыларға ақшаны көптеген жобалар бойынша табыстылығы жоғары қызметке инвестициялау ұсынылды.
Тергеу барысында құрылымдық бөлімшенің басшысына қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы таңдалды.
101 салымшыдан тартылған қаражаттың жалпы сомасы 168,5 млн теңгені құрады.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.