Қаржы пирамидасына 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған
- 09.10.2023, 11:03,
- 326
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: pixabay.com/tbit
«Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical» қаржы пирамидасы «Telegram» мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания болып танылып, салымшылардан 350 млн теңгеден астам қаражат алған, деп хабарлайды Turantimes.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Агенттіктің мәліметінше, іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен «Қамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.