Қарағанды облысының тұрғыны бұрын қаржы пирамидасы арқылы халықтан ақша жинағаны үшін сотталған, ол жеке тұлғалардан 50%-дан 300%-ға дейінгі мөлшердегі төлемдерді уәде ете отырып, 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көлемінде қаражат тарту арқылы WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде чат құрған. Ақша банктік қосымша арқылы аударылған.
Күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала тергеулер «Өзіміз гой Арай» чатында 100-ден астам қатысушыны анықтады, қазіргі уақытта «Люкс чат», «Чек чат Люкс 100%», «Вклад чат 50%» деп аталатын чаттардың салымшыларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.