Күдікті тұлғалар "MetaGo" қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда ("YouTube" бейнехостинг сайты, "Whatsapp" және "Telegram" мессенджерлері, "Facebook" және "Instagram" әлеуметтік желілері), сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген.
Осы арқылы 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 217-1-бабы - адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы – бойынша тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, Департамент бұрын жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде тіркелген Жезқазған қаласының осы тұрғындарына қатысты "MetaGo" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылыққа алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Агенттіктің хабарлауынша, ҚР ҚПК-нің 201 бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.