RSS лента

Компанияларда қаржы пирамидасының белгілерінің бар-жоғын білуге болады

  • 12.01.2023, 04:11,
  • 299
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: ашық дереккөз

Telegram мессенджеріндегі бот азаматтарға қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғануға көмектеседі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Пайдаланушыға компанияның/ұйымның сайтына, Instagram парақшасына, Vkontakte тобына немесе Telegram арнасына https://internet.zzz (com, ru, kz және т.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kz және т.б.) форматта сілтеме енгізу жеткілікті. 


Сонымен қатар, сізге табыс ұсынатын компанияның БСН арқылы тексеруге болады.


Іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес.

2022 жылы ҚМА қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша 85 қылмыстық істі аяқтады. Биыл 29 қаржы пирамидасы жойылды. 15 іс бойынша үкім шығарылып, 23 адам сотталды.

ҚМА қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтармен белсенді күресті жалғастыратын болады. Осыған орай азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз.


Telegram бот сілтемесі: t.me/BAIQApiramidaBOT

Оставить комментарий
Последние новости