RSS лента

«ӨзенМұнайГаз» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

  • 16.11.2023, 12:46,
  • 284
  • 0
  • Автор:
Автор фото: facebook.com/OzenMunaiGaz

Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған басшылық жалпы көлемі 917 млн шығын келтірген, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Тергеу барысында «ӨМГ» АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаевтың әрекеті іс жүзінде жұмыс істемейтін және негізсіз жалақы алған таныстарын жалған жұмысқа тарту арқылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану деп сараланды.


«ӨМГ» АҚ бас директорының тағы бір бұрынғы орынбасары Е.Карамурзаевқа ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша заңсыз тендер өткізу арқылы, сатып алуға қатысқан басқа қатысушылардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғады деген айып тағылды. Келтірілген шығын көлемі 623 млн теңге.


Сонымен қатар, алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған 294 млн теңгені жымқырып, талан-таражға салған «ӨМГ» АҚ мұнай-газ өндіру басқармасы директоры мен жеткізушіге айып тағылды.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости