RSS лента

Жер қатынастарының басшысы жемқорлыққа күдікті

  • 29.09.2023, 14:03,
  • 390
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Шенеуніктің әрекеті нәтижесінде мемлекетке жер учаскелерінің құны түрінде жалпы сомасы 180 000 000 теңгеге залал келтірілді, деп хабарлайды Turantimes.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Ол инвестициялық жобаларды іске асыру сылтауымен жеке тұлғаларға мемлекеттік жер қорынан жер учаскелерін төмен бағамен заңсыз иемденуге жәрдемдесті деп күдіктелуде.


Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.


Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.


2019 жылдың тамыз айынан Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымында Ардақ Самамбетов қызмет атқарған. 



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости