RSS лента

Еркін Баулықов Саран қаласының жаңа әкімі

  • 21.09.2023, 17:28,
  • 505
  • 0
  • Автор:
Автор фото: gov.kz

ҚР Президентінің Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Саран қаласының әкімі лауазымына Еркін Баулықов тағайындалды, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Еркін Баулықов 1991 жылы 7 қазанда дүниеге келген.

2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

2016 жылғы 25 мамырдан – 2016 жылғы 27 қазанға дейін - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Астана қаласы бойынша департаментінің әкімшілік басқармасының бас маманы, Астана қаласы;
2016 жылғы 27 қазаннан – 2017 жылғы 18 тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы, Астана қаласы;
2017 жылғы 18 тамыздан – 2018 жылғы 28 тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті мемлекеттік қызметті өткеру басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;
2018 жылғы 29 тамыздан – 2019 жылғы 1 тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті мемлекеттік қызметті өткеру басқармасының бас сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;
2019 жылғы 2 тамыздан – 2019 жылғы 24 қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті мемлекеттік қызметті өткеру басқармасының бас сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;
2019 жылғы 25 қыркүйектен – 2019 жылғы 26 қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің мемлекеттік басқару жүйесін дамытуды әдіснамалық сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;
2019 жылғы 27 қарашадан – 2021 жылғы 18 қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің мемлекеттік басқару жүйесін дамытуды әдіснамалық сүйемелдеу басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;
2021 жылғы 19 қаңтардан – қ.у. – «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы, Қарағанды облысы, Саран қаласы.
2023 жылдың 21 қыркүйегінен бастап Саран қаласының әкімі болып тағайындалды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости