RSS лента

Қазақстанның Ресейдегі елшісі тағайындалды

  • 03.07.2023, 09:05,
  • 266
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: gov.kz

Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды" делінген хабарламада. 


Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келді. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бітірген.


Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы қызметінде бастады. 

2003 жылы Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде үшінші хатшы;

2003-2007 жылдары Нидерланды Корольдігіндегі ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі, екінші хатшы;

2007 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы;

2007-2008 жылдары ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты;

2008-2009 жылдары ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары;

2009 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

2011-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі;

2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі;

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

2020 жылдың ақпан айынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болды. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости