Үкімет үйінде 2 жаңа адам бар. Олар жаңа вице-премьер әрі сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу және жаңа энергетика министрі Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев.
Мұрат Нұртілеу еңбек жолын 1998 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінде бастады.
2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы;
2011-2014 жылдары. – ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;
2014-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарды;
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы және оған қоса Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды;
2019-2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары;
2022 жылғы 5 қаңтардан бастап – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.
Алмасадам Сәтқалиев 1997-2001 жылдары "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы" АҚ-да менеджер, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы, басқарушы директор, экономика жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.
2001-2006 жылдары "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті және бірінші вице-президенті лауазымдарын атқарды.
2006-2007 жылдары "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ-ның электр энергетика активтерін басқару жөніндегі директоры болды.
2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
2008-2009 жылдары - "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ бірінші вице-президенті, 2009-2011 жылдары – "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ президенті.
2011 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды, 2011-2018 жылдары - "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы.
2018-2021 жылдары "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.
2021 жылдың нарыз айынан бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы болды.
Өзге министрлер қайта тағайындалып, өз лауазымдарында қалды.