Мұрат Нұртілеу Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қызметін сақтап қалды.
Марат Ахметжанов та ІІМ басшысы қызметіне қайта тағайындалды.