RSS лента

Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды

  • 23.01.2021, 21:08,
  • 843
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жандос Қонысұлы Бүркітбаев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әр жылдары Алматы қаласындағы Республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, Денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылы Астана қ. «Қан орталығы» ШЖҚ МКҚК басқарды. 2011-2019 жылдары — Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры.  2019 жылғы 23 қаңтардан бастап «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости