Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппараты басшысының лауазымына Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаевтың кандидатурасы келісілді.
Бұған дейін Қойшыбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстанның Финляндиядағы, Литвадағы елшісі лауазымдарын атқарды. ҰҚШҰ жанындағы ҚР өкілі болды. Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.