Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, 19 шілде күні сағат 9:30 шамасында Атырау қаласы, Жұмыскер м/а Муталиев көшесінің бойында 1983ж.т. "Дорожный контроль" ақпараттық порталының тілшісі О.Вертинскаяны үйінің алдында соққыға жығып бетінен дене жарақатын салған 1999ж.т. күдікті анықталып, ұсталып, қамауға алынды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2 бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.