Бұл туралы департаменттің Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Куәгерлердің айтуынша, марқұм 2 маусымда достарымен балық аулау кезінде суға батып кеткен. Осыған байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ал, бұған дейін құтқарушылар Жылыой мен Махамбет аудандарында жоғалған адамдардың денесін тапқан болатын. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобыс мәлім еткен еді.