Оқиға 2 маусым күні сағат 15:30-да Атырау қаласында, дәлірек айтқанда, Авангард мөлтекауданында орналасқан облыстық балалар ауруханасының артындағы Жайық өзені жағасында орын алған. Көлік жөндеп жатқан екі жігіт көмекке шақырған дауысты естіп, дереу соған қарай ұмтылады. Сөйтсе, суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқаруға бір адам көмек шақырып жатыр екен (өзі жүзе алмағандықтан).
Екі жолдас адам бойламайтын терең судан әлгі баланы шашынан тартып аман алып шығады. Жасөспірім су жұтып құйған, бірақ бастысы аман-сау.