Облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, 14 сәуірде сағат 18.10 шамасында Атырау мөлтекауданында белгісіз ер адамның мәйіті анықталды. Болжам бойынша бұл былтыр 13 маусымда суға батып кеткен 2008 жылы туған жасөспірім болуы мүмкін. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.