Сонымен, оқиға қалай басталған? Ол үйінде өзін нашар сезіне бастаған. Содан көршісіне қоңырау шалып, көмекке шақырған. Бұдан кейін не болғаны есінде жоқ. Ол оянған кезде қатты салқындықты сезінген. Ол тоңазытқыштан шығып, санитарлардың зәресін алған. Мамандар сау адамның өзі үш тәулік бойы тоңазытқышта жатып тірі қалуы қиын екенін айтады.