Оның айтуынша, 20 қаңтар күні сағат 11:15 қала аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы бесінші қабаттан құлаған. Оқиға салдарынан 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттан оқиға орнында қаза тапты, ал, 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.