15 маусым күні сағат 06:30 шамасында Атырау-Доссор тасжолының 494-разъезд тұсында КамАЗ, ПАЗ-32053 және Daewoo Nexia көліктерінің қатысуымен жол апаты орын алды. Салдарынан Өзбекстан елінде тіркеуде тұрған Daewoo Nexia автокөлігінің 1973 жылы туған жолаушысы, өзбекстандық азамат оқиға орнында қаза тапты. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.