RSS лента

Ақтөбе-Астрахан тасжолында не болған?

  • 04.02.2024, 22:21,
  • 1 096
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Turan Times

Бүгін, яғни, 4 ақпан күні сағат 15:30 шамасында республикалық маңыздағы Ақтөбе- Астрахан тасжолының 873-шақырым тұсында, атап айтқанда, шамамен Бөкейхан (Котяев) ауылына жақын маңда 1958 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы "Volvo" жүк көлігі қарсы бағытта келе жатқан "Mitsubishi Outlander" жеңіл көлігіне соқтығысқан, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Салдарынан "Mitsubishi Outlander" автокөлігі отқа оранып, 1964 жылы туған жүргізушісі мен 1965 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

 

Айта кетейік, алдын ала бейресми мәлімет бойынша қайтыс болғандар ерлі-зайыпты, яғни, бір отбасы мүшелері болуы мүмкін.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости