20 қаңтарда сағат 17.00-де Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Самал ауылына жақын маңда жантүршігерлік жол апаты орын алды.
«Mazda CX-7 көлігінің 41 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты. Өкінішке орай, жеңіл көілк жүргізушісі мен екі жолаушы – 40 жастағы әйел мен 12 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір 15 жастағы жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді» делінген Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.