30 шілде сағат 10:00 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 565-шақырымы тұсында "Газель" көлігі өздігінен өртеніп жанып кетті. Абырой болғанда жарақат алғандар жоқ. Осы орайда, "Жүргізушілер, жолға шығар алдында автокөліктеріңіздің техникалық жағдайын мұқият тексеріп, өрт қауіпсіздігінің алдын алыңыздар!" деп ескертеді полиция департаментінің мамандары.